Кірінді-магмалық мигматит — орта және үлкен тереңдік интрузияларының сырт жапсарларында қалыптасатын мигматиттердің генетикалық түрі. Олар гранитоидтік магманың жарықшалар, жарылымдар, қабатталу және тақтатастық жазықтықтары бойымен қоршаған таужыныстарға еніп, олармен механикалық араласу арқылы пайда болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология