Өріс (атырап, аймақ, разрядтар тобы) (Поле (область, зона, группа разрядов); field, key) — 1) мәліметтер базасында — файл жазбасының дербес мағынасы бар қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі базаның бір бағанасы. Объект құрылымының атаулы бөлігі, мысалы, мәліметтердің, баспа құжатының және т.б.; жазбаның элементар мәліметтер енгізетін бөлігі; ақпараттық мағынасы бар ең аз мәліметтер жиыны. Ол программаларда мәліметтер элементі ретінде өңделеді; мәтінді, графикалық элементтерді, беттің нөмірлерін және баска мәліметтерді құжатқа автоматты түрде кірістіруге арналған кодтар жиыны. Мысалы, Date өрісі ағымдағы датаны, ал Time өрісі ағымдағы уақытты көрсетеді; 2) белгілі бір мақсатта пайдалануға арналған экранный, бланкінің, басылған құжаттың немесе мәліметтер жинақтауыштарының арнаулы бөлігі; 3) жеке өңделетін машиналық сөздің немесе машиналық команданың разрядтар тобы, хабар бөлігі; 4) экранның белгілі бір мақсатта пайдаланылатын бөлігі (жартысы), жұп және тақ нөмірлі екі өріс толық кадрды құрайды.

Өріс (айнымалы) атауы Өріс (айнымалы) атауы (Имя поля; field (variable) name) — мәліметтер базасындағы — бағана (өріс) атауы, мысалы, адрестер тізімінде пайдаланылатын қала мен аудан аты және пошталық индекс өріс атауының мысалы бола алады. Өріс типі Өріс типі (тип поля; field type) - берілген мәліметтер жиыны үшін орындалуы мүмкін операциялар тобын анықтайтын, яғни оларды ұқсастыратын атау немесе құжатта өрісті қолдану нәтижесі. Сандық, мәтіндік (символдық), мерзімдік (даталық), логикалық және т.б. өріс типтері болады.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника