Қазақстан Үкіметінің аппараты (2023 жылдың 2 қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі) — орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші мемлекеттік орган.
Қызметі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық талдамалық,ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, техникалық және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын және сақталуын бақылау; мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық дерекқор құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының кесімдері мен Үкіметке берілген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау; Премьер-Министр,оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұстанымдық сипаты болатын Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жасау.
Құрылымы Басшылық Үкімет Аппаратының басшысын Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi 2007—2019 жылдары Үкімет қаулысымен тағайындалып келді. Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы: Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары: Асқар Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының орынбасары: Саян Құттыбаев Үкімет Аппараты басшысының орынбасары: Айжан Шайназарова Үкімет Аппараты басшысының орынбасары: Аян Мағзұмов Үкіметтің Құрылтайдағы өкілі: Ермек АманшаевҮкімет аппараты басшылығы Премьер-Министр Протоколының бастығы: Расул Тынысбаев Премьер-Министрдің баспасөз хатшысы: Диляра Аленова Премьер-Министрдің кеңесшілері
Құрылымдық бөлімшелер Премьер-Министрдің Хатшылығы Үкіметтің Баспасөз қызметі Талдау бөлімі Заң бөлімі Өңірлік даму және бақылау бөлімі Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімі Экономикалық бөлім Әлеуметтік даму бөлімі Кадр жұмысы бөлімі Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі Қаржы бөлімі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөліміҮкімет аппаратының құрылымы
Қарамағындағы ұйымдар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Тарихы 1990 жылы 20 қарашада Министрлер Кеңесінің аппараты Президент аппаратына қосылды. 1991 жылдан бастап Президент пен Министрлер Кабинетiнiң аппараты деп атала бастады. 1994 жылы 13 сәуірде одан Министрлер Кабинетiнiң Іс басқармасы бөлінді. 1995 жылдың басында ол Министрлер Кабинетiнiң аппараты, конституциялық реформадан кейін күзден бастап Үкімет аппараты деп атала бастады.
1997 жылы 4 наурызда Президент Жарлығымен Үкімет аппараты Премьер-Министр Кеңсесі болып қайта құрылды.1 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1997, №10, 69-бап).
2023 жылы 2 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесі Үкімет аппараты болып өзгертілді.
Басшылары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Премьер-министрі Министрлер Кабинетiнiң іс басқармасы (1994–1995) Сергей Терещенко 1 99px Сыздық Әбішев маусым 1994 наурыз 1995Әкежан Қажыгелдин Министрлер Кабинетiнiң аппараты (1995) 1 99px Бердібек Сапарбаев наурыз 1995 қыркүйек 1995 Үкімет аппараты (1995–1997) 1 99px Ержан Өтембаев қазан 1995 мамыр 1996 2 99px Степан Шуткин мамыр 1996 қазан 1996 3 99px Тірек Бегахметов қаңтар 1997 наурыз 1997 Премьер-министрдің кеңсесі (1997–2023) 1 99px Тірек Бегахметов наурыз 1997 қазан 1997 2 99px Әлихан Бәйменов қазан 1997 тамыз 1998 Нұрлан Балғымбаев 3 99px Алтай Тілеубердин 2 қыркүйек 1998 қазан 1999 4 99px Қанат Саудабаев 13 қазан 1999 13 желтоқсан 2000 Қасым-Жомарт Тоқаев 5 99px Алтай Тілеубердин 13 желтоқсан 2000 10 қаңтар 2007 Иманғали Тасмағамбетов Даниал Ахметов 6 99px Ербол Орынбаев 11 қаңтар 2007 29 қазан 2007Кәрім Мәсімов 7 99px Бақытжан Сағынтаев 11 желтоқсан 2007 30 қыркүйек 2008 8 99px Ғабидолла Әбдірахымов 13 қазан 2008 2 ақпан 2012 9 99px Ерлан Қошанов 2 ақпан 2012 14 наурыз 2017 Серік Ахметов Кәрім Мәсімов Бақытжан Сағынтаев 10 99px Нұрлан Алдабергенов 27 наурыз 2017 1 наурыз 2019 11 99px Дархан Кәлетаев 1 наурыз 2019 25 наурыз 2019 Асқар Мамин 12 99px Ғалымжан Қойшыбаев 26 наурыз 2019 4 қаңтар 2023 Әлихан Смайылов Үкімет аппараты (2023–) 1 99px Ғалымжан Қойшыбаев 4 қаңтар 2023 — Олжас Бектенов
Дереккөздер
Санат:Қазақстан үкіметі