Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті — су шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомствосы.
Бұрынғы атаулары 1990 жылы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі таратылып, Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.О реорганизации органов государственного управления в Казахской ССР
ҚР Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттік комитеті (1990-1994) ҚР Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитеті (1994-1995) ҚР Су ресурстары жөнiндегi комитетi (1995-1997) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөнiндегi комитетi (1997-1999) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөнiндегi комитетi (1999-2002) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөнiндегi комитетi (2002-2013) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті (2013) ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті (2013-2014) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (2014-2019) ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (2019-2023) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (2023) ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті (2023 жылдан бастап)
Функциялары тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлеуге қатысады; су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылыстарды пайдалану қағидаларын әзірлеуге қатысады; елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады; су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады; су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру және сенімгерлік басқару тәртібін айқындауға қатысады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы
Құрылымы
Дереккөздер
С