ДИАЛОГТЫҚ РЕЖІМ (Диалоговый режим) — пайдаланушының әрбір сұрастыруы компьютер тарапынан дереу жауап әрекетін тудыратын, пайдаланушы мен компьютер арасындағы әрекеттестік режімі. Есептеу жүйесі мен пайдаланушы арасындағы мәліметтер алмасуы оны адам өңдеп үлгере алатын жылдамдықпен жүреді.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника