Тас байлану — бүйректе немесе қуықта «тас» деп аталатын минералды түзінділердің пайда болуы.
Белгілері Бірінші белгісі арқаның төменгі жағы, бүйір, іштің төменгі бөлігі және еркек енінің түп жағының қатты түйіліп, шаншып ауыруы болып табылады. Кейде несеп түтікшесі бітеліп, зәр шығуы қиындайды — тіпті кіші дәрет мүлдем жүрмей қалады. Бұдан басқа, зәр шыққанда оған қан түйіршіктері араласуы мүмкін. Сырқат адам бұнымен қатар несеп жүйесі инфекциясымен де ауыруы мүмкін.
Емдеу жолдары Ауруды басатын (аспирин) немесе антиспазмалық дәрі-дірмектер де ішуге болады; Егер кіші дәретке барғанда зәр шықпаса, онда жатып шығарып керіңіз. мұндайда тас кейін қарай ығысып, несеп түтікшесі ашылуы мүмкін.
Ауру жанға батқан жағдайда дәрігерге қаралыңыз. Мұндайда хирургиялық көмек қажет болуы мүмкін.
Дереккөздер
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: «Демалыс», «Қазақстан», 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!
Санат:Алғашқы көмек Санат:Медицина