Абсолют көнелікті анықтаудың альфа қорғасындық әдісі — циркондардың көнелігін анықтау әдісі. Циркондарға кіріккен қорғасын атомдары радиогендік болуға тиіс деген алғышартқа сүйене отырып, көнелікті анықтау ісі сол циркондағы қорғасын мөлшерінің бүкіл белсенділікке қатынасын анықтау шараларымен орайласады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Абсолют көнелiктi анықтау әдістері