Махмұтбай Әміреұлы (20 ақпан 1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылы) – ақын.

Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1964). 1964 – 66 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім Қызылорда облысы шығармашылық үйінде әдіскер 1967 – 97 жылдары облысы «Ленин жолы» газетінде корректор 1967 - 71 жылдары аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы 1979 - 85 ж. редактор, жауапты хатшы 1971 - 79 ж. Сырдария аудандық комитетінде нұсқаушы, саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі. 1985 - 88 жылдары орта мектептің директоры 1988 - 98 жылдары Қызылорда облысы кәсіподақтар баспасөз орталығының меңгерушісі Сырдария ауданың әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.

Шығармалар «Жүзім бағы» (1976) «Қызыл жыңғыл» (1978) «Ақ сәуле» (1984) «Сыр әндері» (1994) «Сыр жырлары» (2000) «Жылдар, жылдар» (2002) жыр жинақтары жарық көрген. Ол «Қызылорда вальсі», «Қимаймын», «Шалқиды ән», т.б. 100-ге жуық әнге сөз жазған.

Жетістіктері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1990) «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сырдария ауданының құрметті азаматы.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:20 ақпанда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Жалағаш ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Сырдария ауданының (Қызылорда облысы) құрметті азаматтары