Макарово — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Макаров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде, Шаған өзенінің оң жағалауында.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 775 адам (389 ер адам және 386 әйел адам) болса, 2009 жылы 777 адамды (390 ер адам және 387 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 765 адамды (397 ер адам және 368 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1997 жылға дейін астық өсіру кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Макаровода және округке қарасты Мирное, Садовое, Факел ауылдарында 35 шаруа қожалығы құрылды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері