thumb Хром қышқылы — құрамында тотығу дәрежесі +6 болатын хромы бар қышқыл. Хром қышқылы хром ангидриді CrO3 суда ерігенде түзіледі, бос күйінде алынбаған, жалпы формуласы: хCrO3H2O мұнда х 1-ден 4-ке дейін өзгереді. Хром қышқылы (H2CrO4) — күшті электролит. Хром қышқылы изополихром (екі хром, үш хром және тетрахром) қышқылдарын түзіп полимерленеді. Хром қышқылының тұздары — хроматтар, изополихром қышқылының тұздары — изополихроматтар. Хром қышқылы тотықтырғыш және улы болады (қара Хром тотықтары). Хром қышқылын хроматтар алуда қолданады.“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Пайдаланылған әдебиет</span>

Санат:Хроматтар Санат:Бейорганикалық қышқылдар Санат:Сутегі қосылыстары Санат:Хром қосылыстары