Михаил Федорович Пузиков (1933 ж.) - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің социология кафедрасының профессоры. Тұлға әлеуметтануы, саяси әлеуметтану, қоғамдық пікір әлеуметтануы салаларының маманы. Қазақстан әлеуметтанушылары Ассоциациясының мүшесі.
150-ден астам ғыными еңбектің авторы (1993). 1963 Қорған мемлекеттік педагогика институтын бітірген. 1971 ҚазМУ-дың (1971, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген. 1960-1966 Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев аудандық партия комитетінде нұсқаушы, дәріскер-кеңесші. 1994 жылдан ҚазҰУ-да профессор қызметін атқарды. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты әлеуметтану тарихы, саясат, жеке бастың, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық пікір туралы әлеуметтану мәселелеріне арналған."Қазақ энциклопедиясы"Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:1933 жылы туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар