Владимир Николаевич Приз (14.12.1953 жылы туған) – медицина ғылымының докторы (2005). 1977 Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Осы оқу орнында ассистент, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі 2005 жылдан ғылыми және клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарады. Ғылыми жұмыстар 2004 ж. «Гигиенические основы формирования здоровья учащихся при экспериментальных программах обучения в школах нового типа» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Гигиена учебного процесса и состояние здоровья учащихся инновационных школ (2002); Влияние учебного процесса на состояние здоровья учащихся школ нового типа (2003); Современныепроблемы профессиональной ориентации учащихся (2004).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер</span>