Қырқу машинасы Қырқу машинасы, тоқылған маталардың бетіндегі жіп пен талшық ұштарын, түйіндерін, т.б. тегістеп қырқуға арналған. Бұл машинамен мақтадан, жібектен, жүннен, кендірден тоқылған және өріліп тоқылған маталар өңделеді. Қырқу машинасының қалың маталардың өң жағынан, жұқа маталардың теріс жағынан шығып тұратын жіптерді қырқатын түрлері бар. Оның негізгі жұмыс бөлігі — қырқу аппараты. Қырқу машинасының УСД-120 және СПН-120 сериялы маркалары бар. Қазақстан Энциклопедиясы
Дереккөздер