Қантөбе – Кішітау тауларының оңтүстігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ақтас кентінің шығысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 676 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 – 3 км шамасында.

Жер бедері Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Геологиялық құрылымы Протерозойдың гнейстері мен кристалды тақтатастарынан құралған.

Өсімдігі Таудың бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас селеу, сұлыбас, жусан, т.б. шөптесіндер өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары