Қандауыр айрауық () – астық тұқымдасының айрауық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс өзендері алабында, Көкшетау қыратының батпақты, су жайылмалы шабындық жерлерде өседі. Биіктігі 60 – 130 см, сабағы жіңішке, түбі бұтақты, тамырсабақты өсімдік. Жапырағы ұзынша, ені 5 мм, ұшы доғал келеді. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді, борпылдақ, ұзындығы 12 – 15 см. Масағының ұзындығы 4 – 5 мм, кейде 3 – 4 немесе 5 – 7 мм. Маусым – тамыз айларында гүлдейді. Қандауыр айрауық – мал азықтық шөп, оны шабындықта гүлденер алдында орады, кейін қатаңданып жұғымдық қасиеті төмендейді.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы