Қамыстыбөрілі – Қарасор көлі алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қоскөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен 214 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 11,4 км. Қар және жауын-шашын мол жылдары шығысындағы шағын көлмен бірігіп кетеді. Шарасында жыл бойы су жатады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді.

Жағалау сипаты Пішіні дөңгелек көлдің жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ өскен.

Санат:Тобыл су алабы Санат:Әулиекөл ауданы көлдері