Қалпақтытау – Аққұм құмының оңтүстік-шығысындағы төбе (тау).
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Ақтөбе облысы Қобда аудандарының шекарасында орналасқан. Қиыл және Қалдығайты өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 244 м. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай доға тәрізденіп 10 км шамасында созылған. Енді жері 2,5 – 4 км.
Жер бедері Беткейлері көлбеуленіп жазық далаға ұласады.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас дала өсімдіктері өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Қаратөбе ауданы таулары Санат:Қобда ауданы таулары