Сергей Николаевич Покровский (26.12.1900, Малоярославец қаласы Калуга губерниясы – 25.10.1978, Алматы қ.) – тарих ғылым докторы (1946), профессор (1934), Қазақстан Ғылым Академиясының академик (1951), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947). 1935–1937 Челябі облысы прокурордың орынбасары 1937-1939 Қазақ КСР-і прокурорының орынбасары 1939–1945 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор кафедра меңгерушісі және проректор'' 1945–1962 Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды ==Ғылыми еңбектер== «Великая Октябрьская социалистическая революция и гражданская война в Семиречье» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми еңбектері Қазақстандағы Азамат соғысы тарихына арналған. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1970). Марапаттар Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы ордендерімен марапатталған."Қазақ энциклопедиясы"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сергей Николаевич Покровский · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.