Валентин Иванович Пионтковский (1941 жылы туған, Украина, Хмельницкий облысы Городокский ауданы Куман ауылы) – ветеринария ғылымының докторы (1980), профессор (1994), ҚР Ауыл шаруашылығы ғылыми академиясының корресподент мүшесі. 1964 Семей малдәрігерлік институтын (қазіргі Семей мемлекеттік унивeрситеті) 1970 Қазан мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1964-1967 Қостанай малдәрігерлік ғылыми-зерттеу станциясында ғылыми қызметкер болды. 1972 жылдан бастап директор, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ғылыми еңбектері 90-нан астам ғылыми жарияланымның және 3 монографияның авторы.
Марапаттар «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер