Степняк кентасты торабы – Көкшетау (Көксеңгір) синклинорийінің Көкшетау жақпарымен ұштасу белдемін қамтып жатқан алтынды өңір. Тораптағы алтын кендері мен оның кентас белгілері төменгі ордовиктің (О1) тау жыныстарынан құралған. Ол шығыс Көкшетау синклинорийінің батыс ернеуінде көбірек шоғырланған. Ең маңыздысы Степняк алтын кені. Тораптың геологиялық құрылысы өте күрделі және бірнеше рет тектон. қозғалыс әсерлеріне ұшыраған. Алтын кентасының белгілері төменгі девон (D1) және архей (AR) тау жыныстарында да кездеседі. Алтын кентастарын сыйыстырушы төм. палеозой (PZ1) шөгінділері терригендік-тұнба, жанартаутекті-тұнба, субжанартаутекті түзілімдерден құралады. Кен денесі негізінен кварц желілерінен тұрады және олар көп фазалы, құрамы өте күрделі кіші интрузияларда орналасқан. Интрузиялардың петрохим. құрамы ультранегіздіден ультрақышқылдыға дейінгі аралықта болады. Қазақ энциклопедиясы Пайдаланған сілтеме
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Степняк кентасты торабы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.