Алексей Матвеевич Степанов (19.1.1923, Пенза облысы Пенза ауданы Чемодановка селосы – 6.10.1989, Алматы) – қазақстандық кескіндемеші.Қазақ энциклопедиясы Қазақстанның халық суретшісі (1988). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1933 жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Сол жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеді.
Шығармалары thumb|right|200px| "Ой", Степанов салған пейзаж
Пейзаждар: “Бейбіт дала”, 1965; “Көктемгі Алатау”, 1969; “Бейбіт Алматы”, 1980), натюрморттар “Раушангүлдер”, 1955; “Күз”, 1963), портреттерң “Р.В. Великанованың портреті”, 1959; “Раушан”, 1962; “Л.Долгушинаның портреті”, 1973; “Бейбітшілік туралы толғау”, 1980), тақырыптық картиналар “Қазақстан Магниткасы”, 1973; “Еңбек күндері”, 1974; “Күміс еңлікгүл”, 1977; “Медеудегі жексенб]”, 1978).
Айналадағы өмір, дүние поэзиясын бейнелеуде асқан шеберлік көрсетті, сонымен қатар ғарыш тақырыбы “Жұлдыздарға”, 1965 – 67; “Жер планетасынан самғаған адам”, 1969; “Жұлдызды аспан”, 1971; “Ғарышқа”, 1977; “Біз Байқоңырданбыз”, 1979; “Интеркосмос” “Ғарыш туралы әңгіме”, 1984
Жетістіктері Республика, бүкілодақтық, халықар. көркемсурет көрмелеріне ұдайы қатысқан.
Марапаттары 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.Габитова М., Алексей Степанов, Мастера изобразительного искусства Казахстана, А.-А., 1972.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1923 жылы туғандар Санат:Пенза облысында туғандар Санат:1989 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан халық суретшілері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:19 қаңтарда туғандар Санат:6 қазанда қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Репин атындағы институт түлектері