ТРИБУНАЛ (лат. trіbunal – соттау, негізгі мағынасы: Ежелгі Римдегі аса маңызды қызмет иелері – консулдар, преторлардың қызмет бабындағы міндеттерін атқару кезінде отыратын биік орын) – ерекше сот. Франциядағы 18 ғасырдың соңындағы Француз революциясы кезеңіндегі саяси қылмыстар жөніндегі төтенше соттар. КСРО-да ХКК-нің 1917 жылы 22 қарашадағы (5 желтоқсан) декреті бойынша құрылған революция арнайы соттар, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен әскери міндеттілерге байланысты қылмыстарды қарастыратын соттар. Негізгі әскери қылмыскерлерді қудалау және оларды жазалаумен айналысатын халықаралық сот органы. Кейбір мемлекеттердің (мысалы, Франция, Италия) сот жүйесіндегі бірінші инстанциялық соттар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сілтеме
Санат:Құқық