Йохан (Иоганн) Густав Ренат (швед. Johan Gustaf Renat, 1682, Стокгольм, Швеция Корольдігі - 1 мамыр 1744) — швед әскери қызметшісі әрі картографы. Жоңғария мен Шығыс Түркістанның егжей-тегжейлі картасын жасаған тұңғыш еуропалық ретінде танымал.

Әскери мансабының басталуы мен орыс тұтқыны Голландиялық еврейлердің ұрпағы Ренат Карл XII әскерінде Солтүстік соғыс кезінде артиллерияда қызмет еткен. Артиллерия сержанты 1709 жылы Полтава түбіндегі шайқастан кейін орыс тұтқынына түсіп, алдымен Мәскеуге, кейін 1711 жылы Тобольск қаласына жер аударылды. 1716 жылдың ақпанында И.Бухгольцтің экспедициясына жөнелтілген көмектің қатарына қосылып, жоңғар қонтайшысы Цэван-Рабдан әскерінің қолына түскен (тұтқын шведтер мен орыстарды жоңғарлар Құлжаға алып кетті).

Жоңғар тұтқыны мен Швецияға оралуы

Ренат жоңғар билеушілері Цэван-Рабдан мен Қалдан-Сереннің тұстарында 17 жыл (1716-1733) қызметте болған. Оның тікелей қатысуымен Жоңғар хандығында кітап басу орындары, артиллериялық, қару-жарақ, тау-кен өндіру зауыттары ашылды. Тұтқынға түскен шведттер мен орыстардың қызметі жоңғар мемлекетінің маньчжурлармен соғыстарындағы әскери қуатын біршама арттырды. Оның қызметі үшін оған Жоңғариядағы соғыс аяқталғаннан кейін Отанына оралуға уәде берілді. 1733 жылы Ренат ресей елшісі майор Леонтий Угримовпен бірге Мәскеуге оралды. 1734 жылы әйелі Бригитта Шерзенфельд және сыйға тартылған түркітілдес тайпалардан шыққан 3 қызметшілерімен бірге Стокгольмге жетті. 1739 жылы капитан шеніне дейін жетіп, 1744 жылы қайтыс болды..

Жоңғария мен Шығыс Түркістанның картасы Өзінің жеке бақылаулары бойынша жасалған Жоңғарияның 2 картасы ұзақ уақыт көпшілікке белгісіз болды. 1878 жылы Корольдік кітапханадағы кітапханашының көмекшісі Юхан Август Стриндберг 2 картаның көшірмелерін тауып, оларды Я.К.Грот арқылы Императорлық Орыс Георграфиялық Қоғамына жіберді. 1881 жылы "Ренат карталары" орыс зерттеушісі А.И.Макшеевтің еңбегінде жарық көрді. 10 жылдан кейін карталардың түпнұсқалары Уппсала университетінің кітапханасынан табылды.

+ Ренаттың картасында кездесетін кейбір географиялық атаулар Түпнұскадағы атау Түсініктеме Acksu Ақсу, Шығыс Түркістандағы қала Aigons Fl. Аягөз өзені Alamandaria Fl. Әмудария өзені Ansian Андижан (Ферғанадағы қала) Balchas (Sioen B.) Балқаш көлі Bruether Kirgiser буруттар (қырғыздар) Bucharer бұхарлықтар Buckterma Бұқтырма, Ертістің негізгі саласы Charatou Қаратау (Түркістанның маңындағы таулар) China Қытай Chorgos Хоргос (Қорғас), Іленің оң саласы Choton Хотан, Шығыс Түркістандағы қала Erzisch Fl. Ертіс өзені Gegen Кеген өзені Jassu Яссы, қазіргі Түркістан қаласы Jercken Яркенд, Шығыс Түркістандағы қала Jllye Fl. Іле өзені Kirgis Kasak қазақтар Kirgiseller Kasakski Horda Қазақ хандығы Lepschi Лепсі өзені Oloiktou Ұлытау Saisan (Ston S.) Зайсан көлі Samarchan Самарқанд, Бұхариядағы қала Saram Сайрам, Бұхариядағы қала Schir Fl. Сырдария өзені Taskent haer finnes Guld Ташкент қаласы

Көркем әдебиеттегі бейнесі

Йохан Густав Ренат А.В.Ивановтың «Тобыл» (2017) атты романындағы басты кейіпкелердің бірі.

Галерея thumb|left|300px|Й.Г.Ренат картасының түпнұсқасы thumb|300px|Й.Г.Ренаттың Жоңғария картасы thumb|left|Й.Г. Ренаттың Моңғолия картасы (XVIII ғасырдың бірінші жартысы)

Әдебиет

Åberg, Alf, and Göte Göransson. Karoliner. Höganäs: Bra böcker, 1976. (In Swedish.) Макшеев А.И. Карта Джунгарии, составленная шведом Ренатом во время плена его у калмыков с 1716 по 1733 год. — СПб.: Изд-во ИРГО, 1881 Джунгарская артиллерия и Йохан Густав Ренат на YouTube Perdue P.C. China Marches West: The Qing Conquest of Central Eurasia. Cambridge, MA: Belknap Press of Harvard University Press, 2005. Poppe N.'' Renat’s Kalmuck Maps. Imago Mundi 12 (1955): 157-59. Available through JSTOR. Русские карты в Королевской библиотеке Selling, Gösta. «Artur Hazelius födelsehus I.» Fataburen: Kulturhistorisk tidskrift (1926): 65-118. (in Swedish)

Санат:Картографтар Санат:Швеция картографтары