РелятивизмҚазақша энциклопедия 7 том. (лат. relatіvus — салыстырмалы) — дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғыл. теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абс. мәнін жоққа шығарады. Релятивизмнің негізгі үш түрі: метафиз. (онтол.) Релятивизм; танымдық (гносеол.) Релятивизм; этик. (моральдық) Релятивизм.

Дереккөздер

Санат:Әдістер Санат:Ғылым философиясы