Салқынқанды жануарлар, пойкилотермді жануарлар (грек. poіkіlos — әр түрлі, өзгермелі және therme — жылу) — дене температурасы тіршілік ортасы температурасына байланысты өзгеріп отыратын жануарлар. Салқынқанды жануарларға барлық омыртқасыздар, омыртқалы жануарлардан — балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар жатады. Бұлардың дене температурасы, әдетте, айналасындағы температурадан бар болғаны 1 — 2С артық не сол шамада болады. Салқынқанды жануарлардың дене температурасының көтерілуі күн сәулесін сіңіруден (жылан, кесіртке) не бұлшық еттерінің белсенді әрекет етуінен (ұшатын жәндіктер мен тез жүзетін балықтар) болады. Бұл жағдай оларда жылу реттеу процесінің жетілмегенін көрсетеді. Тіршілік ортасының температурасы аса төмендеп не жоғарылап кеткенде cалқынқанды жануарлар ұзақ ұйқыға кетеді. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Салқынқанды жануарлар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.