Еділбай Хошейғалиұлы Шұратов (12.10.1938 жыл, Ресей, Астрахан облысы, Володар ауданы, Козлово селосы) – қазақ эпидемиологы және микробиологы, медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1987). Қазақстан Республикасы Медицина ғылым академиясының корреспондент мүшесі.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және КСРО Медицина ғылым академиясының Ленинград эксперименттік медициналық институты аспирантурасын (1967) бітірген. Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1967–1977), директоры (1977–1998); 1998 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері вирусология, жұқпалы аурулар иммунологиясы мен эпидемиологиясы мәселелеріне арналған. 270-тен астам ғылыми жарияланым мен 11 монографияның авторы. 7 авторлық куәлігі бар.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:12 қазанда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Володар ауданында (Астрахан облысы) туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Медицина ғылым академиясының корреспондент мүшелері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Ленинград эксперименттік медициналық институты түлектері Санат:Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығының директорлары Санат:Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығының профессорлары Санат:Қазақстан эпидемиологтары Санат:Қазақстан микробиологтары