Приурал — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Приурал ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1332 адам (639 ер адам және 693 әйел адам) болса, 2009 жылы 1357 адамды (689 ер адам және 668 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1280 адамды (659 ер адам және 621 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1936 жылы қаланған. 1997 жылға дейін астық ұжымшарының орталығы болған. Ұжымшар негізінде АІ және 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданы елді мекендері