Қызыл тал (Salix fragilis) – талдар тұқымдасына жататын ұзындығы 15—20 м үлкен ағаш.
Көшелерде әсемдік үшін де отырғызылады. Ерте гүлдейді, бал береді. Қабығы тері илеуге, шыбығы корзина тоқуға жарайды. Бұл кейде балғын тал деп те аталады. Қазақстанның көп жерінде өседі.Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Дереккөздер
Санат:Талдар тұқымдасы