Эмануил Ласкер (, 24 желтоқсан 1868, Пруссия, Берлинхен (қазіргі Барлинек) — 13 қаңтар 1941, АҚШ, Нью-Йорк) — Неміс шахматшысы, позициялық мектептің өкілі, шахматтан 2-нші әлем чемпионы (1894 — 1921), (бұл атақты 1894 жылы Стейництен жеңіп алып, 1921 жылы Капабланкадан жеңілген). Математика және философия ғылым докторы (1902).
Ласкер 27 жыл бойы әлем чемпионы атағын сақтап қалды, бұл шахматтағы рекордтық жетістік. Чемпиондық атағын жоғалтқаннан кейін де ол 68 жасқа дейін жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Ласкер өзінің шахмат мансабында бірнеше рет математика мен философиямен айналысу үшін бірнеше жылға ойнауды тоқтатқан. Ласкер 1901 жылы математика бойынша докторлық диссертациясын қорғады және оның математикадағы басты жетістігі Ласкердің бастапқы нәтижесін жалпылайтын оның және Эмми Нётердің атымен аталған теорема болды. Сонымен қатар, Ласкер бірнеше философиялық және әдеби шығармаларды жариялады. 1934 — 36 ж. КСРО-да тұрып, халықаралық турнирлерге КСРО атынан қатысты.
Дереккөздер
Санат:1868 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар Санат:Германия шахматшылары Санат:Шахматтан әлем чемпиондары Санат:Германия философтары Санат:Германия ғалымдары Санат:Алфавит бойынша шахматшылар Санат:Германия математиктері