Қуыстас – Нияз тауының оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 – 2 км. Абсолюттік биіктігі 679 м.
Геологиялық құрылымы Протерозой тобының жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері негізінен жайпақ, тек солтүстік жартасты келеді.
Өсімдігі Қызыл-қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, сұлыбас, сондай-ақ аласа қараған өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы таулары