Келісімдік баға – тауарды сатып алу-сату мәмілесінде көрсетілген баға. Келісімшарт талаптарына қарай келісімдік баға: келісімшартқа қол қою сәтінде белгілі бір деңгейде тіркелген баға; тараптар келісімшартта келіскен мерзімде және келісілген белгілі бір бастау көздер негізінде кейіннен тіркеліп, жүзеге асырылатын баға; тараптар келіскен бағаның сырғуы формуласына сәйкес келісімшарттың қолданыстағы кезеңінде өзгертіліп отыратын сырғымалы баға болуы мүмкін.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер: