Георг Фридрих Бернхард Риман (17 қыркүйек 1826, Брезеледенц, Төменгі Саксония — 20 шілде 1866, Италия, Селаска қаласы) — неміс математигі.
Берлин университетін бітірген (1949). Геттинген университетінің профессоры (1857). Риман еңбектері 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырда математиканың дамуына үлкен үлес қосты. Оның лекциялары негізінде бірталай жаңа курстар (математикалық физика, тартылыс теориясы, электр және магнетизм теориясы, эллипстік функциялар теориясы, т.б.) қалыптасты. Ол алғашқы болып анықталған интегралдың ғылыми анықтамасын тұжырымдады, комплекс айнымалылар функциясы теориясының негізін салды. Дзета-функция теориясы арқылы сандардың аналитик. теориясын жоғары сатыға көтерді, дифференциалдық теңдеулер теориясына да елеулі үлес қосты. Кеңістік ұғымын жалпылап, көп мәнді функцияларды зерттеуде маңызы бар Риман кеңістіктерінің геометриясын жасады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Тағы қараңыз Риман геометриясы.
Дереккөздер
Санат:17 қыркүйекте туғандар Санат:1826 жылы туғандар Санат:Төменгі Саксонияда туғандар Санат:20 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1866 жылы қайтыс болғандар Санат:Пьемонтте қайтыс болғандар Санат:Философия докторлары Санат:Германия математиктері Санат:XIX ғасыр математиктері Санат:Германия механиктері Санат:XIX ғасыр механиктері Санат:Германия физиктері Санат:XIX ғасыр физиктері Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар Санат:Геттинген университеті оқытушылары Санат:Геттинген ғылым академиясының мүшелері Санат:Пруссия ғылым академиясының мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының шетелдік мүшелері Санат:Бавар ғылым академиясы мүшелері Санат:Француз ғылым академиясының корреспондент мүшелері