Көктыран () – тұқы тәрізділер отрядына жататын балық. Каспий теңізі атырабындағы өзен, көл, бөгендерде кездеседі. Тұрқы 25 – 35 см, кейде 45 см-ге дейін, салмағы 150 – 200 г (600 г-ға дейін). Аузы жоғары қарай біткен, қабыршағы ұсақ, бүйір сызығы бойында 70-ке жуық қабыршақ болады. Арқасы көкшіл, бүйірі, бауыры ақшыл. Арқасында 1, алқымы мен бауырында 3 қанаты бар. Негізінде тұщы су балығы, бірақ кейде ащы суларда да мекендейді. 4 – 5 жылда ұзындығы 18 – 20 см-ге жеткенде, сәуірдің аяғынан (су температурасы 14 – 16°С-қа жеткенде) маусымның ортасына дейін уылдырық шашады (4,2 – 25,4 мың). Бөгендерде планктон организмдерімен, өзенде су түбіндегі организмдермен қоректенеді. Кәсіптік маңызы онша емес, бірақ ауланады.Рыбы Казахстана, т.3, А.-А., 1988Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Дереккөздер
Санат:Тұқылар