Сәду Шәкіров ауылы – Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Шәкіров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде, Талас өзенінің оң жағалық аңғарындағы сұр, қара жусан, баялыш, күйреуік, көкпек басым өскен, сұр, шалғынды-сортаңды сұр топырақты қуаң шөлді белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16471220 1156 94,8 620 625 100,8 600 531 88,5

Тарихы 1957-97 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Кеңес» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Сәду Шәкіров ауылында С.Шәкіров өндірістік кооперативі және ондаған шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік - акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Талас ауданы елді мекендері