Мойше Фишелевич Шмутер (2.3.1906, Украина, Житомир облысы Новгород-Волынск – 1986, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1970), профессор (1971). Киев медициналық институтын бітірген (1931).
Оба індетімен күресу мекемелерінде (1936–1955), Орта Азиялық обамен күресу ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін (1955–1983) атқарған. Ғылыми еңбектері аса қауіпті індет аурулардан сақтану мәселелеріне арналған. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:Тұлғалар