Тиса, Тисса (мажар. Tіsza, румын. Tіsa) – Украина, Румыния, Словакия, Мажарстан және Сербия жеріндегі өзен. Дунайдың ең үлкен (сол) және суы мол саласы. Ұзындығы 966 км, су жиналатын алабы 157 мың км². Шығыс Карпаттағы Ақ және Қара Тиса бастауларынан басталып, Орта Дунай жазығымен ағады.
Басты салалары: Самош, Кереш, Марош. Қар және жаңбыр суымен толығады, көктемде тасиды. Орташа су ағымы 810 м3/с. Қыста 2 – 3 ай қатады. Жер суаруға пайдаланылады. Бойында СЭС бар. Жағалауында Сольнок, Сегед қалалары (Мажарстан) орналасқан. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
Дереккөздер
Санат:Украина өзендері Санат:Румыния өзендері Санат:Словакия өзендері Санат:Мажарстан өзендері Санат:Сербия өзендері Санат:Черногория өзендері