Покатиловка — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Покатилов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1543 адам (804 ер адам және 739 әйел адам) болса, 2009 жылы 996 адамды (454 ер адам және 542 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 961 адамды (464 ер адам және 497 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1936 жылы астық өсіру ұжымшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Покатиловкада және округке қарасты Таран ауылында серіктестік және 4 шаруа қожалығы ұйымдастырылды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы елді мекендері