Мұстафа Көкебаев (1888 жыл, Бөкей ордасы ауданы – 1964 жыл, Шымкент қаласы) – қоғам қайраткері.

Өмірбаяны Орда 4 сыныптық мектебін бітірген (1907). Астрахан гимназиясын бітіріп, Омбы мал дәрігерлік училищесінде оқыған (1910). 1910 – 17 ж. Астраханда мал дәрігері болып жұмыс істеді. “Айқап” журналына тұрақты мақала жазып, 1911 – 13 ж. “Қазақстан” газетін шығару, оны тарату ісіне белсене қатысты. Ш.Бөкеев, Е.Бұйрин, С.Нұралыханов, Ғ.Қарашев, Г.Мұсағалиевтармен жақын араласты. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқаны үшін Астрахан түрмесіне қамауға алынған С.Меңдешев, Н.Зәлиев пен Ө.Исатаевтарға материалдық жағынан жәрдем берді. 1918 жылға дейін Алаш партиясының белсенді мүшесі болды. 1918 ж. Қызыл Армияның жергілікті бөлімшелерін құру жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеді. Бөкей губерниясының атқару комитетінің президиум мүшесі, оның жауапты хатшысы, РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының Бөкей бөлімшесінің меңгерушісі болды. Көкебаев маңызды саяси материалдар мен құжаттарды қазақ тіліне аударумен айналысты. 1919 ж. Бөкей ордасында “халық музейін” ашу туралы бастама көтерді. 1921 – 26 ж. Саратов университетінің құқық факультетінде оқыды. Кейін Орал, Алматы облысы жоспарлау органдарында, республикалық мемлекеттік жоспарлау комитетінде қызмет істеген, Шымкент педогогикалық институтында сабақ берген.Зиманов С., Даулетова С., Смагулов М., Казахский отдел народного комиссариата по делам национальностей РКФСР, А.-А., 1975Протоколы революционного комитета по управлению Казахским краем. Сб. документов и материалов, А., 1993Қазақ Энциклопедиясы, 11 - томБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бөкей ордасы ауданында туғандар Санат:Шымкентте қайтыс болғандар Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары Санат:Алаш қозғалысы мүшелері Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері