Кентау қалалық әкімдігі – Түркістан облысындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылы Түркістан қалалық әкімдігінің құрамынан қосылған 12 ауылдық округ 2021 жылдың 12 наурызында жаңадан құрылған Сауран ауданы құрамына өтті. Әкімдік орталығы – Кентау қаласы.

Әкімшілік құрамы Кентау қалалық әкімдігіне 1 ауылдық округ пен 3 ауылдық әкімшілік кіреді:

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Әкімшілік бірлігі 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ащысай ауылдық әкімдігі 2176 1677 77,1 1099 880 80,1 1077 797 74 Байылдыр ауылдық әкімдігі 1528 1582 103,5 759 792 104,3 769 790 102,7 Қарнақ ауылдық округі 14295 15074 105,4 7328 7480 102,1 6967 7594 109 Хантағы ауылдық әкімдігі 6364 5978 93,9 3126 3073 98,3 3238 2905 89,7 Кентау қаласы 57121 72573 127,1 27304 35338 129,4 29817 37235 124,9 ЖАЛПЫ САНЫ 81484 96884 118,9 39616 47563 120,1 41868 49321 117,8

Шаруашылығы (2003 жылғы мәлімет) Л. АлиеваОңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том 2003 жылы қалалық әкімдігінің кәсіпорындары 2041,8 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді: барит кені – 32,5 мың тонна, баритті концентраты – 16,2 мың тонна, 13 бірлік – экскаватор, 434,7 мың кВт трансформаторлар шығарды. Кентау қалалық әкімдігінің ауыл шаруашылық саласы Қарнақ ауылының аймағында орналасқан. Барлығы 178 агроқұрылым бар, оның 8-і ӨК, 2-і ЖШС, 166 шаруа қожалығы. Ауыл шаруашылық жалпы өнімінде: көкөніс дақылдарының (47,4%), картоп (14,1%) және ет өндірудің (10,5%) үлес салмағы басым. Кентау қалалық әкімдігі аумағында 8 аурухана, 4 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, «Ыбырайым», «Медцентр» ЖШС жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласында 22 орта мектеп, балалар шығармашылық үйі, С.Байтереков атындағы музыка мектебінің бөлімшесі, Балалар көркемсурет мектебі, 7 кітапхана, 3 ауылдық клуб жұмыс істейді..

Дереккөздер

Санат:Кентау қалалық әкімдігі