Дүйсенкүл Бопова (13.12. 1933 ж. т., Ордабасы ауданы Қарааспан ауылы) – еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы (2003). Шымкент педагогикалық институтын (1960), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1965) бітірген. Еңбек жолын 1948 ж. Арыс қалысындағы орта мектепте кітапханашы болып бастаған. 1950 – 1959 ж. Арыс аудандық комсомол комитетінде хатшы-машинка басушы, есепке алу секторының меңгерушісі, аудандық партия комитетінің техникалық хатшысы, нұсқаушысы, аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, облыстық партия комитетінің ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» (1971), Еңбек Қызыл Ту (1980) ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған..Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Дүйсенкүл Бопова · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.