Бабайқорған — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Бабайқорған ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында, жусан, күйреуік, т.б. шөп өскен шөлді белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен28943396 2689 79,2 1709 1362 79,7 1687 1327 78,7

Кәсіпорындары Бабайқорғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін ұжымдық, жекеменшік кәсіпорындар мен шаруашылықтар жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Мектеп, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету мекемесі, т.б. бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том.

Дереккөздер

Санат:Сауран ауданы елді мекендері