Серік Рәпілбекұлы Оспанов (1949 жылы туған, Луговой ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым докторы, Қазақстан Ауыл шыруашылығы ғылымының академиясының корреспондент-мүшесі. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан. 1972 жылы Алматы зоотехлы-мал дәрігерлік институтытын, 1975 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы жанындағы Мал шаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген. 1975 – 1992 жылы осы ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы қызметтерінде болған. 1992 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары. Ғылыми еңбектер 60-тан аса ғылыми еңбектің авторы. Ауыл шаруашылығы малдарын жемшөппен қамтамасыз ету және жемшөп жасау технологиясы бойынша ірі маман болып есептеледі."Қазақ энциклопедиясы" Сілтемелер Ауыл шаруашылығы Технология Мал шаруашылығы Дереккөздер
Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары
Санат:1949 жылы туғандар