Қоянтамақ () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын жартылай бұталар. Іле, Күнгей Алатаулары мен Батыс Тянь-Шаньнің өзен аңғарларында құрғақ шағыл тастардың арасында өсетін 2 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетін түрі – жіңішке жапырақты Қоянтамақ (Perovskіa angustіfolіa). Биіктігі 1 м-дей. Сабағы түкті (олардың арасында сары түстілері бар), бұтақтанып біткен, түбінен бастап ағашқа айналған. Жапырағы жалпақ, қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, жиектері ара тісті иректеліп келген. Гүлі аз, ұзындығы 30 см-дей болатын гүлшоғыры сабағының жоғары жағында орналасады. 5 тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді түтік түзеді, жоғары жағы екі ерінге ұқсас болып келеді. Ақшыл күлгін түсті күлтесінің ұзындығы 1 см-дей. Аталығы – 4, аналығы – біреу. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – 4 жаңғақша, пішіні жұмыртқа тәрізді, сырты тегіс, қоңыр түсті.
Түрлері Perovskia abrotanoides Kar. – жусан қоянтамақ Perovskia angustifolia Kudrjasch. – жіңішке жапырақты қоянтамақ Perovskia artemisioides Boiss. – Perovskia atriplicifolia Benth. – Perovskia botschantzevii Kovalevsk & Kochk. – Perovskia × intermedia Lazkov – Perovskia kudrjaschevii Gorschk. & Pjataeva – Perovskia linczevskii Kudrjasch. – Perovskia scrophulariifolia Bunge – Perovskia virgata Kudrjasch. –
Дереккөздер
(Ж. Қожантаева)
Санат:Еріндігүлділер