Қоянжал – Бетпақдаланың солтүстік-батысындағы құм. Сарысу өзенінің шығысындағы Жетіқоңыр құмының оңтүстігінде.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде.
Жер бедері Теңіз деңгейінен биіктігі 180-250 м. Ауданы 150 км2. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 9 км.
Өсімдігі Қырқалы төбешікті және жалды құмда қара сексеуіл, теріскен, еркек шөп, ебелек, құмаршық, изен т. б. өседі. Жер астындағы тұщы су 1-2 м терендікте кездеседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау облысы құмдары