Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы (1 Қаңтар 1953 жылы туған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы) – педогогика ғылымының докторы (2006). Қазақстан Республикасы Оқу ісінің үздігі (1995), Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі (2005).
Қысқаша өмірбаяны: 1978 жылы Жамбыл педогогикалық институтын (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген; 1972–1981 жылдары Жамбыл облысындағы мектепте мұғалім, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 1981–1983 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы оқу бөлімінде әдіскер; 1983–1986 жылдары Алматы облысы мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтында әдіскер, кабинет меңгерушісі, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педогогикалық мамандардың біліктілігін арттыратын республикалық институтта әдіскер, кабинет меңгерушісі, доцент, кафедра меңгерушісі болды. 2008 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
60-тан астам ғылыми жарияланымның, 1 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: