Абай — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қосшыңырау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Қызылорда қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2075 адам (1023 ер адам және 1052 әйел адам) болса, 2009 жылы 2228 адамды (1122 ер адам және 1106 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 2000 жылға дейін "Интернационал" деп аталып келген. 1965-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Досан, Қарауылтөбе ауылдарында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері