Қазан техникада – отынды жағу, электр энергиясын, ыстық газ, басқа да технологиялық процестер жылуын қолдану нәтижесінде өндірілетін үлкен қысымды бу немесе ыстық су алуға арналған қондырғы. Құралымы бойынша бу Қазандары су құбырлы және газ құбырлы, ал судың таралу сұлбасы бойынша – көп айналымды және тік ағынды болып ажыратылады. Будың қысымы 25 МПа және темп-ра 570С болғанда Қазанның бу өндіру қуаты 2500 т/сағ-қа жетеді;пайдалы әсер коэффиценті 93 – 95%.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Энергетика