Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев (10.12.1962 ж. т., Төле би ауданы Майбұлақ ауылы) – актер, әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,«Дарын» мемлекеттік Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992), "Парасат" орденінің иегері, Республикалық әнші-актерлер байқауының (1989) және бірнеше өнер байқауының жеңімпазы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.

1984 ж. Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін бітірген. 1984 – 1998 ж. Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық театрда, Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік Жастар мен балалар театрында актер болып, ұлы Абай, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, т.б. тарихи тұлғалармен қатар замандастар бейнесін «Ең әдемі келіншек» спектаклінде Абдолла, «Ауылдан келген ару» қойылымында Ақын, «Бақыт пен мұңда» – Сері жігіт сынды бір-біріне ұқсамайтын көптеген кейіпкерлер бейнесін жасады. 30-ға жуық образдарды сомдады. Сонымен қатар ол орындаған Ә.Бейсеуов, Ә.Телғозиев, И.Сапарбай, Т.Ізтаев, Г.Шәмшиева, И.Бәйгісиев, т.б. авторлардың әндері қазақ радиосының «Алтын қорына» енді. Өзінің де шығарған көптеген әндері бар. 1998 ж. Қ.Қуанышбаев атындағы Астана драма театрында М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің желісі бойынша жазған «Қанды азу» пьесасы қойылып, республикалық және халықаралық өнер фестивалінде жүлдеге ие болды. "Мұхаммед Хайдар Дулати", "Ана жүрегі", Базарың тарқамасын, т.с.с. көптеген пьесалардың авторы. Осы жылы оның «Ерке едім әні желге ұшқан» жыр кітабы, ал 2002 ж. «Адам боп өтсем – сол арман» атты естеліктер кітабы жарық көрді. Ø  2016 жылы Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Массагет» баспасынан «Жанымның жәдігерлері», «Сана сандығы», «Ұлы дала перзенттері» атты үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Қазір көп жылғы ізденістер нәтижесінде дүниеге келген «Сүгір», «Әніме қорған болар кім?!», «Тірі өлік» драмалық пьесаларының қойылымдары әзірленуде.Қазақ Энциклопедиясы

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Киностудиясында «Хабар» телеарнасының түсірген телевизиялық фильмдерінде да әр жылдары жемісті еңбек етіп, экранда төмендегі кейіпкерлерді сомдады: «Асуда» реж: С.Жармұхамбетов. Саламат-ролі. 1986 ж. «Жусан» реж: А.Әшімов. Дерменеші жігіт-ролі. 1986 ж. «Таудан да биік» реж: Б.Омаров. Жолдасбек-ролі. 1987 ж. «Әурелең» реж: С.Құрманбеков. Мәдениет басқармасының-ролі. 2007 ж. «Кешіккен хат» реж: Б.Сейтқазиев. Сәкен-ролі. 2008 ж. «Жаңа қала туралы аңыз» реж: Б.Санитасов. Марс-ролі. 2009 ж. «Хабар» «Елім-ай» реж: А.Айтуаров. Болат Қарабаев-ролі. 2009 ж. «Мың бала» реж: А.Сатаев. Ақсүйек-ролі. 2011 ж. «Балкон» реж: Е.Аманшаев. Әнші дос-ролі. 2011 ж. «Көк тарландары» реж: Е.Рүстембеков. Подполковник Дулат. 2012 ж. «MG production» «Оазис любви» реж: А.Насыбуллин. Кияс. 2012 ж. «ГРИН-ФИЛЬМ» Р.Ф. «Сүйінбай» реж: Д.Даутов,Г.Насыров.  Қатаған-ролі. 2012 ж. «Біз балалар үйіненбіз» реж: У.Исабаев. Сот төрағасының ролі. 2012 ж. «Испытания любовью» реж: Анна Дранская. Работадатель. 2012 ж. «Олимпийцы» реж: Мұрат Нұғманов. Айдар Мұратович. 2013 ж. Киност.«СКИФ» «Аманат» реж: С.Нарымбетов. Ескелді Сержанов-ролі. 2013 ж. «Скорая помощь»  отец Бакытжана. Астана-ТелеФильм. 2013-14 ж. «Айгерім» реж: Еркін Рақышев. Дәрігер. 2015 ж. «Путь Лидера» реж: С.О.Снежкин. Министр-ролі. 2015 ж. «Тақиялы періште-2» реж: Н.Садықов. Нартай-ролі. 2015 ж. «Іңкәр жүрек» 12 сериялы. реж: Г.Абуева. Әуез-ролі. 2015 ж. «Жамбыл» 4-сериялы.  реж: Әнуар Райбаев. Жамбыл-ролі. 2015 ж. «Мажоры». Реж: Жәнібек Ғұсманов. Мәлік-ролі.2016 ж.  «Іңкәр жүрек». 24 сериялы. Реж: В.Задорновский. 2- сезон. 2016 ж. «Сүйе білсең...» 1-сезон реж: Е.Нұрғалиев. Тимур Мұратұлының-ролі. 2016 ж. Келинка тоже человек» реж: А.Ұзабаев. Берік-ролі. 2016 ж. «Іңкәр жүрек». 20-сериялы.Реж: В.Задорновский.3-сезон.2017 ж.   «Сүйе білсең...» 2-сезон реж: Е.Нұрғалиев. Тимур Мұратұлының-ролі. 2017 ж. «Келинка тоже человек» 2-сезон. реж: А.Ұзабаев. Берік-ролі. 2018 ж. «Гәухар» Ж.Пошанов. Полковник. 2019 ж. «Әскерден хат» М.Әлімхан. Мектеп директоры. 2019 ж. «Жүрек» реж:      Профессор Бекетов. 2019 ж. «Таңшолпан» реж: Т Бейсебаев. Таңат. 2020 ж. «Досмұқасан» реж: Айдын. Қамит. 2020 ж. «Қызыл жебе» реж: Ж.Пошанов. Саймасай. 2021 ж. «Ахмет – Ұлт ұстазы» реж: Мұрат Есжан. Ахмет Байтұрсынұлы. 2021 ж. «Кісен ашқан» Қ.Тілеуханның деректі фильмі. Әшім. 2022 ж. «Дала данышпаны» реж: Ж.Пошанов. Ахмет Байтұрсынұлы. 2022 ж. «Міржақып. Оян қазақ» реж. Мұрат Есжан. Ахмет Байтұрсынұлы. 2022 ж. "Жатбауыр" 1-сезон. 30 серия. реж. Д.Бекмахамбетов. Санжар. 2022 ж. «Жат бауыр» 2-сезон – 30 серия. Реж: М.Оспанов. Санжар. 2023 ж. «Достық 13» реж: А.Ержанұлы. Ахмет Ьайтұрсынұлы ролі. 2025 ж. «Номері 177» реж: Д.Бекмахамбетов. Мектеп директоры. 2025 ж. «Менің Фаризам» реж: Байұзақ Е. Әбіш ролі. 2025 ж. «Қара алтын» реж: Мұрат Есжан. Үлкен кісі ролі. 2025 ж. «105» реж:Даулет Бегмагамбетов. Директор ролі. 2025 ж.

2009-шы жылы «Мұхаммед Хайдар Дулати» атты тарихи трагедиясы Оңтүстік Қазақстандағы Ж.Шанин атындағы облыстық театры сахнасында қойылды.

2006-шы жылы Түркістан қаласында өткен «Түркістаным-Тұраным» атты Республикалық сазгерлер байқауында «Ескі жұрт» деп аталатын әнімен лауреат болды. 2007-ші жылы Оңтүстік Қазақстанның Ленгір қаласында өткен «Төле би өрнектері» фестивалінде «Қазығұрт» әнімен бас бәйгеге ие болды. 2009-шы жылғы желтоқсанның 4-дегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2010-шы жылғы Қараша айының 8-ші жұлдызында Республикалық «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің «Жылдың үздік драматургы» номинациясы бойынша жеңімпазы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан әншілері