Көлбастау (1993 жылға дейін – Евгеньевка)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Мыңбұлақ ауылдық округінің құрамында.

Географиялық орны Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылының оңтүстік-шығыс іргесінде, бұта аралас сұлыбас, бетеге, селеу өскен бозғылт қоңыр топырақты тау алды жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3434 4005 116,6 1697 2095 123,5 1737 1910 110

Ауыл 1992 жылға дейін "Евгеньевка" деп аталып келген. 1930-1997 жылдары картоп өсіретін Ленин атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Көлбастауда және округ құрамындағы Талапты ауылында ЖШС-тер және шаруа қожалығы құрылды.

Ауылдың негізі 1912 жылы қаланған. Ресейден жер ауып келген Евгеньев деген кулак осы аймақтың шұрайлы жерлерін басып алып, орыс поселкесін орнатқан. 1920 жылы ауылда алғашқы төрт жылдық бастауыш мектеп ашылып, онда қазақ халқының біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы Горчаров деген орта шаруаның үйінде жүріп оқыған. 1992 жылы ауылдың атауы "Көлбастау" деп өзгертілді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері