Сарыкеңгір – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 143 км, су жиналатын алабы 3380 км2.

Бастауы Сарыкеңгір Желдіадырдың оңтүстігіндегі Жақсы Сасықбастау, Арғанаты тауларының бөктерлеріндегі бұлақтардан басталып, Қотыржал тауының батысында Қаракеңгір өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын суымен толығады. Көктемде тасып, жазда қарасуларға бөлінеді. Жылдық орташа су ағымы Қаракеңгірге құяр жерінде 0,70 м³/с. Аңғары мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы, 7 томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Сарысу су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері